Меңдіқара аудандық мәслихатының
Ресми сайты

"Өзінің кіші Отаны үшін, осы дала өлкесін үлкен нан өлкесіне, бейбітшілік пен жақсылық өлкесіне айналдырған тамаша адамдар үшін мақтаныш-бұл терең өзен ретінде меңдіқаралықтардың жоғалып кетпейтін нағыз патриотизмы."

1664162338908

Мемлекеттік қызмет институтының танымалдығын, оның тартымдылығын, орта мектеп оқушыларының көзқарастары мен нанымдарын, патриоттық құндылықтарын дамыту мақсатында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментімен «Менің кәсібім - мемлекеттік қызметші» жобасы бастамашылдық алды.

IMG 20220525 155040

Табиғатты қорғау, дене шынықтыру және спорт, жастар істері, тарихи мұраны қорғау, мәдениет, денсаулық сақтау, халықтық білім беру, әлеуметтік саясат мәселелері бойынша Меңдіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының және Меңдіқара ауданының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы болып өтті. Отырыста «2022 жылдың жазғы кезеңіне Меңдіқара ауданының балаларын бос уақытын қамту мен сауықтыру, демалысын ұйымдастыру туралы», «Спорттық инфрақұрылымды дамыту, дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тұрғындарды тарту бойынша жұмыс барысы туралы» сұрақтары қарастырылған болатын.

Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың депутаттары, Меңдіқара ауданының әкімі Ғабит Мәжитұлы Бекбаев, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Руслан Сатыбалдайұлы Байғабұлов, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасарлары мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысқан болатын.

22 жылғы 18 мамырда «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауы басталды.

Байқауға қатысуға мемлекеттік қызмет өтілі кемінде үш жыл, құжаттарды қарау кезінде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін шешілмеген әкімшілік жазалары және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер жіберіледі.

 

Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж.Т. Байболатова өзінің есебінде қазіргі уақытта VII шақырылымның сайланған 11 депутатынан өзінің жұмысын 10 депутат орындауда екендігін айтып өтті. Депутаттық корпустың құрамында өзгерістер жоқ.

2021 жылда 4 кезекті және 16 кезектен тыс сессиялар өткізілген, сессияда 75 әртүрлі мәселелер қарастырылған.
Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан сессия жоспарында жоспарланған барлық мәселелер қарастырылған болатын. Сессия жұмысы ZOOM арнайы бағдарламасы бойынша онлайн режимінде өткізілген. Сессия күн тәртібі мен өткізу күні интернет - ресурсы арқылы алдын ала ақпараттандырылған.

Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. Мәслихаттың 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 67 «Меңдіқара ауданының 2022 - 2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Табиғатты қорғау, денсаулық сақтау, мәдениет, халықтық білім беру, әлеуметтік саясат мәселелері бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы өзінің көшпелі отырысында Первомай ауылдық округінің әлеуметтік дамуы туралы сұрағы қарастырылды. Округтің әлеуметтік саласы бір орта, бір негізгі, бір бастауыш мектеппен ұсынылды. Оқушыларды күн сайынғы тасымалдауы жүзеге асырылады. Медициналық қызмет көрсету бір дәрігерлік амбулаториясымен және екі медициналық пункттермен ұсынылған. Мәдениет саласында бір ауылдық клуб пен төрт кітапхана жұмыс істейді.

Меңдіқара аудандық мәслихатының жетінші шақырылымның кезекті сессиясы 2021 жылғы 28 желтоқсанда сағат 10.00-де қашықтықтан режимде өтеді.

Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібінің жобасы

1. «Меңдіқара ауданының 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы».
2. «Меңдіқара ауданының 2022-2024 жылдарға арналған ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы».

Трансляцияға сілтеме https://aitube.page.link/pZwM

Меңдіқара аудандық мәслихаты:

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 - бабы 2, 3 - тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі - Үлгілік ереже) 4, 5, 6, 7 - тармақтарына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 50 өкімінің негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының (бұдан әрі - Жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.

«Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі - Үлгілік ереже)10-тармағына сәйкес:

1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын, дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберіледі.