Меңдіқара аудандық мәслихатының
Ресми сайты

"Өзінің кіші Отаны үшін, осы дала өлкесін үлкен нан өлкесіне, бейбітшілік пен жақсылық өлкесіне айналдырған тамаша адамдар үшін мақтаныш-бұл терең өзен ретінде меңдіқаралықтардың жоғалып кетпейтін нағыз патриотизмы."

«Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі - Үлгілік ереже)10-тармағына сәйкес:

1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын, дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберіледі.

 

2. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш ұсынады.

Пошталық мекенжай: «Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ, Боровское ауылы, Королев көшесі 5, № 307-каб., жұмыс телефондары: 24245, 24359.

Электрондық поштаның мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Жұмыс тәртібі: «Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі, жексенбі демалыс күндер.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде (2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 17 желтоқсанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).

Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы шамамен мына күндері өтетінін хабарлаймыз:

· 2021 жылғы 29 желтоқсанда бірінші отырыс

· 2022 жылғы 28 қаңтарда екінші отырыс

Отырыс Боровское ауылы, Королев көшесі 5, № 307-каб. мекенжайы бойынша өткізіледі, жұмыс телефондары 24245, 24359.

Отырыстар эпидемиологиялық жағдайға және қолданыстағы шектеулерге байланысты қашықтық форматқа ауыстырылуы мүмкін.

Қоғамдық кеңес туралы
үлгілік ережеге
2-қосымша

Нысан

   
 

Кімге Меңдіқара аудандық мәслихаты
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы
)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен _____________________
____________________________
(өтініш берушінің аты, жөні, тегі
(бар болған жағдайда), жеке
куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

Өтініш

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) ______________________________________________________________________________________

2) ______________________________________________________________________________________

3) ______________________________________________________________________________________

4) ______________________________________________________________________________________

5) ______________________________________________________________________________________

6) ______________________________________________________________________________________

7) ______________________________________________________________________________________

20___ жылғы "____" ________________ Өтініш берушінің қолы ___________

* Үкіметтік емес ұйымдардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан, мемлекеттік органдардан, халықаралық ұйымдардан өкілдікті растау.