Меңдіқара аудандық мәслихатының
Ресми сайты

"Өзінің кіші Отаны үшін, осы дала өлкесін үлкен нан өлкесіне, бейбітшілік пен жақсылық өлкесіне айналдырған тамаша адамдар үшін мақтаныш-бұл терең өзен ретінде меңдіқаралықтардың жоғалып кетпейтін нағыз патриотизмы."

Меңдіқара аудандық мәслихаты:

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 - бабы 2, 3 - тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі - Үлгілік ереже) 4, 5, 6, 7 - тармақтарына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 50 өкімінің негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының (бұдан әрі - Жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.

 

Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы: 7 (жеті) адам.

Мемлекеттік органнан өкілдік ету: Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірі.

Азаматтық қоғамнан өкілдік ету: Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен екісі. Азаматтық қоғамнан өкілдік ету коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Пошталық мекенжай: «Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ, Боровское ауылы, Королев көшесі, 5, № 307-каб., жұмыс телефондары: 8 (71443) 24245, 24359.

Электрондық поштаның мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Жұмыс тәртібі: «Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі, жексенбі демалыс күндер.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде (2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 17 желтоқсанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).

Үлгілік ереженің 7 - тармағында мыналар белгіленген:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе электрондық мекенжайға жолдайды:

1) Үлгілік ереженің 1-қосымшасына *сәйкес форма бойынша Жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) коммерциялық емес ұйымның Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы; ;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.

Кандидаттардың тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен Жұмыс тобының отырысы өткізіледі.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.

Меңдіқара ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы шамамен мына күндері өтетінін хабарлаймыз:

· 2021 жылғы 29 желтоқсанда бірінші отырыс

· 2022 жылғы 28 қаңтарда екінші отырыс

Отырыс Боровское ауылы, Королев көшесі, 5, № 307-каб. өткізіледі, жұмыс телефондары 24245, 24359.

Отырыстар эпидемиологиялық жағдайға және қолданыстағы шектеулерге байланысты қашықтық форматқа ауыстырылуы мүмкін.

* Қоғамдық кеңес туралы Үлгі ережеге 1-қосымша

Форма

Кімге: Меңдіқара аудандық мәслихаты
(республикалық деңгейдегі мемлекеттік

органның атауы немесе жергілікті

өкілді органның атауы)

______________________________
_________________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке куәлігі №____, берілді (қашан, қайдан))
___________ тұратын.
(елдімекен, көше, үй, пәтер)

Өтініш

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын. ____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

Осы өтінішпен мен «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынадай құжаттарды ұсынамын:

1) ___________________________________________________________________________________________

2) ___________________________________________________________________________________________

3) ___________________________________________________________________________________________

4) ___________________________________________________________________________________________

5) ___________________________________________________________________________________________

6) ___________________________________________________________________________________________

7) ___________________________________________________________________________________________

20___ «____» __________________. Өтініш берушінің қолы _______________