Меңдіқара аудандық мәслихатының
Ресми сайты

"Өзінің кіші Отаны үшін, осы дала өлкесін үлкен нан өлкесіне, бейбітшілік пен жақсылық өлкесіне айналдырған тамаша адамдар үшін мақтаныш-бұл терең өзен ретінде меңдіқаралықтардың жоғалып кетпейтін нағыз патриотизмы."

Меңдіқара аудандық мәслихаты:

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 - бабы 2, 3 - тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі - Үлгілік ереже) 4, 5, 6, 7 - тармақтарына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 50 өкімінің негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының (бұдан әрі - Жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.

«Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі - Үлгілік ереже)10-тармағына сәйкес:

1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын, дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберіледі.

2021 жылғы 10 наурызда Меңдіқара ауданының Қоғамдық кеңесі Қостанай облысын географиялық сағат белдеуіне UTC +5 ауыстыру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді. Алдын ала ауданда уақытты ауыстыру мәселесі бойынша тұрғындарды онлайн сұрастыруы, еңбек ұжымдарындағы кездесулер, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысы мен азаматтардың жиындары өткен болатын. Осы іс - шараларда барлығы 8510 адам қатысты, шамамен 50 пайыз сұрастырылғандардың уақытты ауыстыруға қарсылықтарын білдірді. Қоғамдық кеңестің мүшелері талқыланатын мәселе бойынша өзінің ұсыныстарын білдірді. Меңдіқара ауданының Қоғамдық кеңесі шешім қабылдады: Қостанай облысын географиялық сағат белдеуіне UTC +5 ауыстыру мақсатқа сай емес деп санаймын. Шешімді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және Қостанай облысының қоғамдық кеңесіне жолдау. Қоғамдық кеңестің жұмысына Менңдіқара ауданының әкімі Н.Ж. Қатарбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Ж.Т. Байболатова қатысты.

Меңдіқара ауданы Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің құрамы

(Меңдіқара аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 ақпандағы № 255 шешіміне 2021 жылғы 10 наурызда өзгерістер еңгізілді)

Қиялбеков Ермағамбет Кәрісұлы - «Меңдіқара 2011» ЖШС директоры, қоғамдық кеңестің төрағасы

Леонов Владимир Григорьевич – қоғамдық кеңестің хатшысы, мемлекеттік қызметтің ардагері

Меңдіқара ауданының қоғамдық кеңесінің

ТӨРАЛҚАСЫ

1. Байболатова Ж.Т. - Меңдіқара аудандық мәслихатының хатшысы

2. Көбеков Е.Р. - аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңестің мүшесі

3. Қиялбеков Е.К. - «Меңдіқара – 2011» ЖШС директоры, қоғамдық кеңестің мүшесі

4. Тимашова Н.В. - экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, қоғамдық кеңестің мүшесі

5. Лебедев П.Л. - «Вита» ӨК ЖШС директоры, қоғамдық кеңестің мүшесі

2021 жылғы «__10___» наурыздағы

қоғамдық кеңестің отырысында

бекітілген

2021 жылға арналған Меңдіқара ауданының қоғамдық кеңесінің жұмыс

ЖОСПАРЫ

2019 жылдың бірінші жартыжылдығына негізделген
Мендіқара ауданының қоғамдық кеңес жұмысының
Есебі.

Мендіқара ауданының қоғамдық кеңесі өз жұмысын тұрақты және жүйелі түрде ҚРЗ «Қоғамдық кеңестер туралы» және Мендіқара ауданның қоғамдық кеңестер ережелерінде негізіде атқарады. Кеңсе хатшылығының орналасуы: Мендіқара ауданы, Первомайское ауылы, Советская көшесі 2. Кеңес Хатшылығының жұмысы туралы барлық ақпарат Мендіқара ауданының мәслихаты сайтында орналасқан.

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ.
Осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Меңдіқара аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 06 ақпандағы
№ 255шешіміне қосымша

Меңдіқара ауданының Қоғамдық кеңес туралы
ЕРЕЖЕСІ

Меңдіқара ауданы қоғамдық кеңесінің 2019 жылға арналған жұмыс ЖОСПАРЫ